2023 жылдың 29 мамырында "Қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығы" КММ-да өткізілген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған кезекті  іс-шараға "Жакия Шайжүнісов атындағы электронды колледж" КММ студенттері қатысты

image-917-1384.jpg

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова "Жазықсыз жапа шеккендер" атты дәріс оқыды. Студенттерге 20-30 жж. Семей губерниялық атқару комитетінің ҚЗТҚО-да  сақталған  құжаттары туралы айтылып,  біздің міндетіміз - әрбір құжат құндылығын ескеріп, болашақ  ұрпақ үшін ата-бабаларымыздың тарихи мұрасын сақтау екені жөнінде атап өтілді.

image-917-1385.jpg

Студенттер орталық шығарған  «Неизвестные страницы истории Семипалатинского Прииртышья (20-30г.г. XXв.)» и «Из истории величайшей трагедии казахского народа 1932-1933г.г.» құжаттар жинақтарымен танысты.

Дәріс барысында "Семей архивінде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының құжаттары" атты презентация көрсетілді.

image-917-1386.jpg

Сонымен қатар ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі студенттерге "Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" фотокөрмесін  ұсынды.

Осындай іс-шаралардың негізінде жастарды патриотизмге, ертеңгі күнге деген сенімділікке тәрбиелейміз.