|
2023 жылы 20 наурыз күні «ҚЗТҚО» КММ-да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін атап өтті Шараға ұжымның барлық мүшелері ат салысты. Наурыз мерекесін тойлауда бөлімдер өздерінің өнерлерін ән айтып, би билеп, сахналық кейіпке еніп, жұртшылықты қызықтыратын қойылым көріністерін ортаға салды. Мереке соңында барша ұжым мүшелері біріне бірі амандық, саулық, береке-бірлік тіледі. |