"Сейтмұхамет Табариков журналист, әдебиеттанушы, ақын, сазгер"

2023 жылы 14 наурызда ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова жазушы Сейтмұхамет Табариковтың туғанына 95 жыл толуына орай "№16 Төлеубай Аманов  атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ оқушыларына с тақырыбында сабақ өткізді.

image-856-1279.jpg

Оқушыларға Қазақстанның ең көне архивтерінің бірі «ҚЗТҚО» КММ  тарихымен таныстырды, ондағы сақталатын қорлар туралы, архив құжаттарының ел тарихын бейнелейтінін атап өтті.

image-856-1280.jpg

Қонақтардың назарына: «ҚЗТҚО» КММ-да сақталған С.Табариковтың жеке текті қорлары туралы айтылып, С.Табариковтың жеке ісін, өзі толтырған сауалнаманы, өмірі мен шығармашылығы туралы фотоқұжаттар мен құжаттардан тұратын слайд көрсетілді.

image-856-1281.jpg

С.Табариковтың 95 жылдық мерейтойына арналған бірегей фотокөрмесі ұсынылды. Оқушылар орталықтың газет қорымен, архив шығарған жинақтармен танысты.

image-856-1282.jpg

Оқушыларға архив бойынша шолу экскурсиясы өткізілді.