|
Халықаралық әйелдер күні «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ-нің Жарма филиалында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті. Филиал директоры Б.Рахимов ұжымдағы әйелдер қауімін мерекемен құттықтап, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында архив саласына қосқан белсеңді еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің архив істері және құжаттаманы басқару Комитеті төрағасының Алғыс хаттарын архившілер Садуева Алмагуль Советхановнаға, Сванбаева Мадина Дунаевнаға және «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ-нің директорының Алғыс хаттарын архившілер Сахарина Жамал Нуртағановнаға, Абылканова Ардак Мусагазиновнаға табыстады. Сонымен қатар, аудан әкімі Ж.Байсабыровтың ауданымыздың әйелдер қауіміне арналған іс-шараға архивші Калиаскарова Динара Советхановна арнайы шақыртылып, Алғыс хат табысталды. |