|
2023 жылдың 1 наурызында "ҚЗТҚО" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің архившілері алғыс айту күніне байланысты, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттеріне Готман Лиза Арнольдовнамен кездесу ұйымдастырды. Кездесуді бөлім басшысы Л. К. Қадырова ашты, мерекенің тарихы туралы, оны көктемнің бірінші күні неге атап өтетінін, қай жылдан бастап қандай мақсатта белгіленгені туралы түсіндірілді. Алғыс айту күнінде Қазақстандағы халықтарды саяси қуғын-сүргін және депортациялау жылдарында әртүрлі этностардың өкілдерін қалай қабылдағанын еске алу әдетке айналғанын, олар мұнда екінші Отанына ие болғанын және олардың мүмкіндіктері барлығымен тең болгандықтан, бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін елге деген сүйіспеншілігі мен ризашылығын атап өтті. Қонақтарға "Алғысым шексіз, халқыма!" атты презентация көрсетілді, онда қуғын-сүргін жылдары Семей облысына жер аударылғандар тізімі туралы мәліметтер берілді. Кездесу Готман Лиза Арнольдовнаның естеліктерімен жалғастырылды. Ол өз отбасының тарихы туралы айтып, анасының Қазақстанға қалай жер аударылып келгендігі туралы естеліктерімен бейнежазба көрсетті. Лиза Арнольдқызы сол қиын-қыстау кезеңдерде қазақ халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Кездесу соңында қонаққа қызықты әңгіме үшін алғыс білдіріп, ҚЗТҚО-да жарық көрген "Семей қаласының 1968-2017 ж. ж. құрметті азаматтары" фотоальбомын, М. Әуезов атындағы колледж оқытушысы Н.А. Сербуринаға "Мұхтар Әуезов және архив" брошюрасын табыс етті. Архившілер барлық қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, елімізде бірлік пен бейбітшіліктің сақталуын тіледі.
|