2023 жылғы 27 ақпанда Абай облысы білім басқармасының "№8 балалар үйі" КММ Қамқоршылық кеңесінің (ҚК) бірінші отырысы өтті. Отырысқа қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ж.Ж. Жибраева, балалар үйінің директоры С. Б. Окасов және ҚК жаңартылған құрамы қатысты.

image-849-1261.jpg

Кеңестің жаңартылған құрамына қамқоршылық кеңестің мүшесі болып, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "ҚЗТҚО" КММ директоры Б. Т. Мусин кірді және отырысқа  қатысты.

image-849-1262.jpg

Қамқоршылық кеңес 2017 жылы ҚР БҒМ 27.07 №355 бұйрығымен бекітілген  білім беру ұйымдарында жұмысты ұйымдастырудың жаңа Үлгілік ережелерімен таныстырылды. Кеңес мүшелеріне 2023 жылға арналған қаржыландыру жоспарымен,  балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оларды ҚР азаматтарының отбасыларына орналастыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Отырыс балалар үйіне таныстыру экскурсиясымен аяқталды.