2023 жылдың 23 ақпанында "ҚЗТҚО" КММ  ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі басшысы Л. К. Қадырова "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" КММ-де мәдениеттанушы, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің 80-жылдық мерейтойына арналған "Заманды жалғастырған заңғар" атты дөңгелек үстел отырысына қатысты.

image-847-1255.jpg

Л. К. Қадырова "Жазушы М.О. Әуезовтың Семейдегі кезі, архив құжаттарында..." тақырыбында баяндама оқыды. Қонақтардың назарына ҚЗТҚО-да сақталған 1920 жылы жазушы толтырған және қол қойған, сауалнама, жеке ісі, тіркеу карточкасы таныстырылып,  экраннан слайд материалдары көрсетілді.

image-847-1256.jpg

Іс-шараға Абай атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері, қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының архившілері ат салысып,  «Жакия Шайжүнісов» атындағы Электронды колледж студенттері және ШҚО ББ Семей қаласының "Геологиялық барлау колледжі" КМҚК студенттері дөңгелек үстел отырысын Абай әндерін орындаумен аяқтады.

image-847-1257.jpg