|
ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мерейтойлық жылына орай соғысқа қатысқан ардагерлерінің құжаттарын жинақтау жұмыстарын жүргізуде. Чебардакова Анна Андреевна 1942 жылы Семей қалалық Комсомол комитетінің жолдауы ойынша өз еркімен әскер қатарына келіп түседі. Қаламызда 76 қыз балалардан құрылған топ Түркменстанға аттанады. Чарджоу қаласында құрылған 34 Әуедегі бақылау әскерлері, хабарлаулар және байланыс ротасы құрылды. Осы аталмыш рота құрамында Анна Андреевна да бар еді. Чебардакова Анна Андреевна II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және көптеген естелік белгілерімен марапатталған. Құжаттар 1938-2010 жылдарды қамтиды. |