Таштықов Кабдел - Ұлы Отан соғысының ардагері, Ұлы Отан соғысының I-ші дәрежелі Орденінің кавалері, сондай-ақ еңбек ардагері. Соғыс жылдарында 385-ші атқыштар полкінің 9-шы атқыштар батальонындағы 8-ші атқыштар ротасында әскер қатарында болды. Полк құрамында 1942 жылдың қыркүйек айында Украиндық фронтта соғысқа қатысып, ауыр жарақат алу салдарынан соғыстан қайтты.

Соғыс бітісімен Семей ет комбинатында зейнеткерлікке шыққанға дейін қызмет етті. Бұл азаматтың құжаттары соғыс жылдарынан, еңбек жолы кезеңдері – 1939-1985 жылдарды қамтиды.