Қазақстан Республикасы журналистер Одағының мүшесі Ш.А.Қалиақпаровтың жеке қоры жаңа құжаттармен толықтырылды. Ш.А.Қалиақпаров – кәсіби әскери адам, Кемероводағы байланыс училищесін, Ленинградтағы әскери байланыс академиясын бітірген, оставкадағы полковник. Ол көптеген басылымдардың, тарихи және деректі повестьтердің авторы «Герой из Прииртышья», «Крематорий Бухенвальда не принимает», «Чтоб вступили в строй солдатский», «Өрге жетелеген өнер», «Мобилизованные войной», «Адольф Янушкевичтің ізімен», «Полк главного направления» және басқалар.
ШҚО ҚЗТҚО-да мемлекеттік сақталуында Ш.А.Қалиақпаровтың 1939 жылдан 2007 жылдар аралығындағы биографикалық және шығармашылық құжаттары бар. Жаңадан келіп түскен құжаттар оның шығармашылық қызметінің 1998 жылдан 2009 жылдар аралығын қамтиды.