Мемлекеттік сақталуға Жаңа-Семей аудандық халық депутаттар Кеңесінің депутаты, Жаңа –Семей халықтық бақылау комитетінің төрағасы Қожамқұлов Қайыпбек Қожамқұлұлының жеке құжаттары келіп түсті.

Қ.Қ. Қожамқұлов Қазақ Мемлекеттік ауыл шаруашылық институтының агрономиялық факультетін бітіріп, 1944 жылдан 1961 жылдар аралығында агроном- тұқымтанушыдан Семей облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономына дейінгі қызмет сатыларының барінен өтті. 1961 жылы Семей облыстық коммунистік партиясы комитетінің жолдамасымен Семей облысы бойынша Қазақ КСРО мемлекеттік бақылау тобының бақылаушысы болса, 1966 жылдан 1981 жылдар аралығында Жаңа-Семей халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.

Келіп түскен құжаттар Қ.Қ.Қожамқұловтың еңбек және қоғамдық қызметінен мағұлыматтар береді, онда жеке басының, марапаттау, бейнелеу құжаттары да бар.