ШҚО ҚЗТҚО  қоры Қазақ КСРО-ның халық әртісі Тұратай Исованың құжаттарымен толықты. Т.Исова Алматы қаласының Гоголь атындағы театр және көркемөнер училищесінің актерлік бөлімін бітіреді. Қызмет жолын Алматы қаласындағы М.О.Әуезов атындағы Академикалық драма театрында бастап, кейін Қазақ КСРО-на еңбегі сіңген өнер қайраткері Л.Ф.Семеновтың шақыруымен, Семей қаласының Абай атындағы біріккен театрына жұмысқа келеді.

1969 жылдан бастап Семейдің Абай атындағы облыстық қазақ драма театрына ауыстырылады. Театр қабырғасында 26 жыл қызмет жасаған Т.Исова қазақтың классикалық драматургиясының барлық тұлғаларын ойнап, театрдың сүйікті әртісіне айналды, басты рольдерді сомдаған  оның спектакльдері 10 жылдан 20 жыл аралығында әрдайым  аншлагпен өтті.