ШҚО ҚЗТҚО-ында сақталған Қазақ КСРО-ның халық әртісі Күләш Сырымбетқызы Сәкиеваның жеке қоры қосымша библиографиялық және бейнекөркем құжаттарымен толықтырылды.

К.С.Сәкиева 1952 жылдан бастап Семейдің Абай атындағы қазақ театрында қызмет атқарады. Өзінің өнер жолында Күләш Сырымбетқызы көптеген есте қаларлық, көрермен қауымның көңілінен шыққан танымал рольдерді сомдады. Өнер жолындағы табыстарымен қоса қоғамдық және саяси жұмыстарға белсене араласып, қатар алып жүрді. Ол Қазақ КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, театр партия ұйымының алғашқы хатшысы, театрдың көркемдік Кеңесінің мүшесі болып сайланды.