ШҚО ҚЗТҚО тұрақты сақталуында Қазақстанның шығыс аймағының акушерлік-гинекологиялық қызметінің негізін қалаушы, ҚР еңбегі сіңген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Қозбағаров Алаш Ахметжанұлының жеке қоры бар. 73 сақталу бірлігінен тұратын құжаттар жинағы оның 1936-1994 жж аралығындағы өмірбаяндық, ғылыми және қызметінен сыр шертеді.

2008 жылдың қараша айында жеке қоры А.Қозбағаровтың докторлық диссертациясына қатысты құжаттарымен, Қазақстанның, Украинаның, Ресейдің алдыңғы қатарлы гинеколог мамандарымен, қызметтес болған әріптестерімен, пациенттерімен хат алмасуларымен; «Акушерство және гинекология» және «Қазақстанның денсаулық сақтауы» журналдарындағы мақалаларымен толықтырылды.

Қосымша түскен құжаттар жиыны А.Қозбағаровтың 1953-1982жж аралығындағы қызметін қамтиды. Сонымен қатар жеке қор құжаттарына ҚЗТҚО Алаш Ахметжанұлының 90 жылдық мерейтойына 2007 жылы шығарған «Саған өмір сыйлаймын…» буклетін енгізді.