Мемлекеттік сақтауға Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті подполковнигі, еңбек ардагері Кабдулла Умирханович Абильпановтың құжаттары түсті. К.У. Абильпанов Қазақ мемлекеттік университеттің С.М. Киров атындағы заң факультетін тәмәмдәді. Павлодар облысының ІІБ Екібастұз қалалық бөлімінде тергеуші болып, одан кейін Семипалатинск облысының МҚКБ тергеуші тобының бастығы болып істеді. К.У. Абильпановтың Қазақстан ІІМ-МҚК органдарындағы қызмет өтілі 30 жылды құрайды. Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін ол көптеген медальдармен және грамоталармен марапатталды.