ШҚО ҚТҚО жатқан Семей қаласының жалпы орта білім беретін №6 гимназия-мектебі мұғалімдерінің құжаттарының коллекциясы жоғары санаттағы, Қаз СРО-ның халық ағарту ісінің үздігі, еңбек ардагері Светлана Савельевна Карандашованың құжаттарымен толықтырылды. Светлана Савельевнаның педагогикалық өтілі 42 жылды құрайды, ол Семей өңірінің және Шығыс Қазақстан облысының география бойынша бірнеше әдістемелік құралдардың, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының география бойынша 8-9 сыныптар үшін оқулықтың авторы. Балаларға өз өлкесінің табиғаты туралы көп білім беру үшін С.С. Карандашова оқушылармен бірге №6 гимназия-мектебінің география кабинетің тамаша минералдар коллекциясымен, Семей Ертіс жағалауының геологиялық тау жыныстарының үлгілерімен жабдықтады, оның бастамасымен мектепте мұражай және саяхатшылар бұрышы жасалды, ол саяхат кезінде оқушылардың жинаған материалдарымен үнемі толықтырылып отырады.