2009 жылдың сәуір айында ШҚО ҚЗТҚО Қазақ КСРО-ның еңбегі сіңген ұстазы Садық Қасиманұлы Қасимановтың (1905-1977жж.) құжаттарымен толықтырылды. Жеке құрам көлемі 63 сақтау бірлігінен тұратын биографиялық, бейнелеу және шығармашылық құжаттарымен толықтырылды.
С.Қ.Қасиманов – 200-ден астам тіл білімі, абай тану, этнография, тарих, педагогика тақырыбына жазылған басылымдардың авторы. Оның бастамасымен балаларға арналған бірнеше ертегілер жинақтары, әңгімелер, жұмбақтар, әндер, сонымен қатар көпшілік оқырманға арналған «Қазақ халқының қолданбалы өнері» кітабы шығарылды.
Құжаттар 1933 жылдан 1977 жылдар аралығындағы кезеңді қамтыған.