Ұлы Отан соғысы ардагері 62-ші гауб-артиллериялық полкінің бақылаушысы Михаил Иванович Берестовтың құжаттары мемлекеттік сақтауға келіп түсті.
Бұл полк 30-шы Гвардиялық Қызыл Ту Рижск атқыштар дивизиясының құрамында болған. Михаил Иванович 1942 жылы соғысқа аттанды. Полк құрамында Михаил Иванович Курскте, Үкраинаны, Беллоруссияны, Польшаны азат ету ұрыстарына қатысты. Жеңісті Чехословакияда қарсы алды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысының 1 дәрежелі орденімен, Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз орденімен, «Әскери еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ көптеген мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
Құжаттар Михаил Ивановичтің Ұлы Отан соғысына қатысқан мерзімінен бастап 2004 жылдарды қамтиды, сондай-ақ 30-Гвардиялық Қызыл Ту Рижск атқыштар дивизиясы ардагерлерінің құжаттары коллекциясына енген.