Кеңес Одағының Батыры Айткеш Абайұлы Ибраевтың жеке қоры жаңа құжаттармен толықты. 1942 жылы Симферополь пулеметтік-минометтік училищесіне оқуға жіберіледі. Аталмыш оқу орнын тәмамдаған соң Айткеш Абайұлы бірден командир қызметіне тағайындалады. Ол Батыс, Калининдік, Орталық, Брянск және 2-ші Беллоруссиялық фронттарында ұрысқа қатысады.
Кеңес Одағының батыры атағын Айткеш Ибраев 1944 жылы 6 шілде күнгі ерлігі үшін алған. Могилев облысы Червин ауданы Шеметево-Пиками ауылы маңындағы ұрыста 192 неміс солдаттары мен офицерлерін, 19 машинасын өртеп, 6 танкіге қарсы арналған қаруын және 12 пулетметтік нүктесін құртты.
Отан үшін Майдандағы ерекше еңбегі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы қаулысы бойынша 1945 жылдың 24 наурыз күні А.А.Ибраевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Айткеш Ибраев Белосток облысы Гродненский ауданы Нижние Погораны ауылы аумағындағы ұрыс кезінде ерлікпен қаза тапты.
Айткеш Ибраев қысқа ғұмыр кешті, алайда Отан алдындағы ерлігі мен қайсарлығы ешқашан ұмытылмайды. Қайсар тұлға туралы естеліктер ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Айткеш Ибраевтің есімі «Кеңес Одағының Батырлары» қысқа биографиялық сөздікке, Семей облысы Естелік кітабына енді. Оның есімімен Семей қаласының орталық көшелерінің бірі, Новобаженово ауылындағы орта мектеп аталды. Новобаженово ауылындағы мектеп паркіне ескерткіш тақтасы орнатылды.
Айткеш Ибраевтың құжаттарын мемлекеттік сақтауға жазушы Ш.А.Қалиақпаров ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына тапсырды. Атап өтетін жайт бұл тұлғаның құжаттарының түпнұскалары. Олар: мектепте оқыған жылдардағы дәптерлері, оқу үлгерімі табельдері, майданнан жазған хаттары, марапаттау қағаздары, газеттердегі мақалалар. Құжаттар 1936-1997 жылдарды қамтиды.