|
Ұлы Отан соғысына қатысушылары құжаттарының коллекциясы Квочкин Григорий Федоровичтің құжаттарымен толықты. Ол 1919 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданының Большая Владимировка ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Григорий Федорович Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Әскер қатарында жүріп байланысшылар курсын аяқтады. Ұлы Отан соғысын Харьков қаласында жүріп бастап, алғашқы күндерінен бастап алғы шепте болды. Сонымен қатар Украина, Белоруссия ұрыстарына қатысып, Кавказ қорғанысында болып, Белоруссия мен Польшаны азат етуге қатысты. Берлинге дейін жетті. |