2012 жылдың мамыр айында интернационалист-жауынгерлер құжаттарының коллекциясы Мұхамадиев Қайрат Қабдулжаппаровтың құжаттарымен толықты. 1981 жылдың сәуір айында Совет Әскерінің қатарына шақырылып, Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы Совет Әскерінің шектеулі құрамында әскери қызметін өткізді. №94797 Әскери бөлімшесі Кабул маңайында орналақан еді, сол қатарда Қайрат Қабдулжаппарович та бар еді.
1982 жылы Қайрат Қабдулжаппаровичтің ата-анасымен әскери бөлімшенің командованиесінің атынан жақсы тәлім-тәрбиесі бергені үшін Алғыс хаты алынды.
Әскердегі озат қызметі үшін Мұхамадиев Қ.Қ. «Ерекше қызметі үшін», «Әскери іс-шаралардың ардагері», «Интернационалист-жауынгерге ауған халқының атынан ризашылықпен» медальдарымен, сондай-ақ мерейтойлық және естелік медальдарымен марапатталады. Ауғанстан Республикасындағы Интернационалдық борышын өтеудегі ерлігі мен айбындылығы үшін Қайрат Қабдулжаппарович Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Президиумының марапаттауына ие болды.
Әскерден соң 1985 жылы Мұхамадиев Қ.Қ. Қарағандыдағы милиция мектебін тәмамдады. Оқуын аяқтаған соң Семей облыстық ІІБ Басқарушы құрамында әр түрлі қызметтерде болды, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық тәртіп қауіпсіздігі басқарма бастығының орынбасары қызметін полковник атағында атқарып жүр.