2012 жылғы қыркүйек айында Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына мемлекеттік сақтауға Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, танымал өлкетанушы Кашляк Виктор Николаевичтың құжаттары қабылданды. Виктор Николаевич Семей облысы атқару комитеті төрағасының көмекшісі, Семей қ. әкімінің баспасөз және ақпарат бойынша хатшысы болып жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап В.Кашляк «Теплокоммунэнерго» МКМ қоғамдық байланысы бойынша маманы. Жас кезінен бастап Виктор Николаевич Семей қ. Ертіс өңірінің тарихын зерттеумен және тарихи материалдар жинаумен айналысады. Оның алғашқы «Собираем краеведческие материалы» атты мақаласы 1965 жылы ақпан айында Семей қ. «Иртыш» газетінде жарияланды, бұл кезде ол бар болғаны 14 жаста еді. В.Н.Кашляк - Семей қаласы мен облыстың тарихы туралы мерзімді республикалық баспасөздерінде жарияланған 120 мақаланың авторы. Виктор Николаевич КСРО журналистер одағының мүшесі. Ол он кітаптың авторы. В.Н.Кашляк мемлекеттік басқару органдарындағы көп жылдық еңбегі, Шығыс-Қазақстан облысының мәдени өміріне қатысқаны, Семей қаласының тарихи мұрасын белсенді насихаттағаны үшін 2001 және 2004 жылдары Семей қ. әкімінің Құрмет грамотасымен, Шығыс-Қазақстан мәдени басқармасының, «Иртыш» газеті редакциясының, Астана мен Алматы митрополиты Мифодийдың грамоталарымен марапатталды, «Невада-Семей» қозғалысының басшысы О.Сүлейменовтан, Семей қ. «Байуаков-ТВК-6» теледидар компаниясынан алғыс хат алды. Кашляк Виктор Николаевичтың құжаттары жеке қорды құрады және олар 1958 ж. бастап 2012 ж. дейінгі кезеңді қамтиды.