№6 гимназияның өлкетану мұражайының жетекшісі Любовь Борисовна Кравченконың жеке қоры оның кәсіби және қоғамдық қызметін айқындайтын құжаттармен толықтырылды. Бұл өмірбаянына қатысты құжаттар, оның ішінде алғыс хаттар және дипломдар, өлкетану тақырыбына жазылған басылымдар мен баяндамалар, соғыстан бұрын және соғыс жылдары мектеп түлектерінің жіберген хаттары. Қорда сақталған суреттердің көбісі Жаңа-Семей аудандық комсомол комитеті хатшысы, вожатый, мұражай жетекшісі кезіндегі, және «Прииртышье» өлкетану қоғамындағы қоғамдық жұмысы туралы мәлімдейді.