Ұлы Жеңіс мейрамы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері М.А.Юрченконың құжаттары мемелекеттік сақтауға қабылданды.
Михаил Александрович 1925 жылы Алтай өңірі Волчихинск ауданы Вострово селосында дүниеге келді. 1942 жылғы мамыр айында өз еркімен майданға сұранды. Ұлы Отан соғысында 1942 жылдың соңынан 1945 жылға дейін ұрыстарға қатысты. Соғыс кезінде екі рет ауыр жарақат алды. Неміс-фашист армиясымен ұрыстарға қатысқаны үшін  І дәрежелі Отан соғысы ордені, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «Қызыл жұлдыз» екі орденімен, «Ерекше еңбегі үшін» медалімен, «Ерлік еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған. Еңбек ардагері, «ҚазКСР еңбек сіңірген халыққа білім беру қызметкері», «Семей қ. құрметті азаматы». Соғыстан кейін Семей қаласында тұрды. Семей қалалық партия комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Ет комбинатында партия комитетінің хатшысы, қалалық халық депутаттарының Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық «Спорттовары» көтерме-бөлшек бірлестігінің бастығы болып жұмыс істеді. Зейнетке шыққасын тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау облыстық қоғамының жауапты хатшы қызметін атқарды.