|
2022 жылғы 31 мамырда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде "ҚЗТҚО" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадырова «Ертіс өңіріндегі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық: трагедия тарихы» атты ғылыми-танымдық семинарға қатысты. Семинарға қатысушылардың назарына ҚЗТҚО қорларында сақталған "Алаш Орда" қайраткерлерінің құжаттары Ж.Аймауытов, А. Бөкейханов, М. Әуезов, Х. Ғаббасов, Е. Итбаев, Ж. Ақпаевтың жеке істері көрмесі ұсынылды.
Көрмеге қойылған құжаттар «Алаш» партиясының көрнекті өкілдерінің өмір жолының мазмұнды бейнесін беруімен ерекше, бұл қазақ халқының ұрпақтары мен олардың тәуелсіз мемлекет үшін күресінің жадындағы ерекше беттер болып табылады. Шәкәрім атындағы университеттің ректоры Б.А. Ердембеков архивқа ынтымақтастық және архивтік құжаттарды насихаттау үшін алғысын білдірді.
|