«ҚЗТҚО» КММ қорындағы №6 мектеп-гимназиясы мұғалімдерінің құжаттар коллекциясы мектептің өлкетану мұражайының меңгерушілері Л.Б.Кравченко мен Р.Қ.Құрманғалиеваның жинаған және тапсырған  құжаттарымен толықтырылды.

Бұл құжаттар мектеп мұражайының, ұстаздар мен оқушылардың мектептің қоғамдық өміріне қатысу жұмыстарын көрсетеді. Көрмедегі мектептің археологиялық экспедициялары, өлкетану конференцияларының құжаттары, бейне құжаттары мен фотосуреттер Ертіс өңірі тарихын, мәдениет ескерткіштерін, табиғатын зерттеуде үлкен қызығушылық тудырады.
Л. Б. Кравченконың «Школа родная моя…» - " Менің туған мектебім..." кітабы  тарихи құндылық болып табылады. Онда сонау 1920 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі мектептің тарихы мен қызметі туралы айтылады, архивтік құжаттар, статистикалық деректер мен фотосуреттердің үлкен саны кеңінен ұсынылған.

Мектептің 1940 жылғы түлегі Нина Гавриловна Матаганованың құжаттарына жеке тарау бөлінген. Негізінен олар, мектеп жылдары туралы естеліктері, суреттері, грамоталары, жарияланымдары. Н.Г.Матаганова -  Алматы музыкалық училищесінің түлегі, халық ағарту ісінің үздігі, көп жылдар бойы  К. Байсейітова атындағы республикалық музыка мектебінде қызмет етті, құрметті демалысқа музыка мектебі директорының орынбасары лауазымында шықты.

Сонымен қатар мектеп мұражайы туралы пікірлер жинақталған кітап бар, онда 1997 жылдан 2013 жылға дейінгі мектепке келушілердің пікірлері жинақталған. Пікірлерді оқи отырып, мектептің өлкетану мұражайы бала тәрбиесіне зор үлесін тигізіп, оқушыларды отанға және тарихқа деген сүйіспеншілікке дағдыландыратынына тағы бір көз жеткізуге болады.

Гимназияның "Түлектерінің алтын кітабын" ерекше атап кеткіміз келеді, оған 1939 жылан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңдегі  ерекше үлгідегі аттестат алған оқушылардың аты-жөні енгізілген.
Жаңадан келіп түскен құжаттар 1930 жылдан бастап 2015 жылдар аралығындағы  кезеңді қамтиды.