Диодор Николаевич Мельниковтың туғанына 85 жыл. Ол 1932 жылы Семей қаласында туды. Мектепті бітіргеннен кейін Семей педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Еңбек жолын 1955 жылы №1 балалар музыкалық мектебінде ұстаз болып бастады.
1970 жылы Диодор Николаевич Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы өнер институтын бітіріп, музыкалық-тарихи пәндер мамандығын алған соң, 1987 жылға дейін музыкалық мектепте оқытушы болып жұмысын жалғастырды. Кейін Семейдің музыкалық училищесінде аға оқытушы, Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін аға оқытушы, облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы орталығының ғылыми-әдістемелік қызметкері болып жұмыс атқарды.
Д.Н. Мельников өзінің бар өмірін қаланың музыкалық даму тарихын зерттеуге, өз жерлестерімізді рухани байытуға арнады. Ол көптеген жылдар бойы жергілікті музыкалық мәдениетке қатысты барлық материалдарды жинады. Ол 800-ден астам дәріс-концерттердің бастамашысы болды, 80-шы жылдардың соңында оның басшылығымен ай сайын "Музыка және музыканттар туралы" радиоцикл өткізіліп тұрды. Ол Семей облыстық "Иртыш", "Семей таңы" газеттерінің штаттан тыс тілшісі болып табылды, оның 150-ден астам мақалалар мен музыкалық тақырыптарға арналған ақпараттары жарияланды.
Д.Н. Мельников "Ерен еңбегі үшін", "Еңбек Ері" медальдарымен, "Социалистік жарыстардың жеңімпазы" белгісімен, КСРО ағарту Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.