Семей облыстық татар қоғамдық орталығының төрағасы Абдулкаримов Махмут Хамитовичтің туғанына (1927-1996жж) 90 жыл. Ол Семей облысының Көкпекті ауылында дүниеге келді. 1944 жылы Көкпекті орта мектебін тәмамдады.
1948 жылдан 1951 жылдар аралығында Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. Әскерден қайтқаннан кейін, Семейге оралады.
Семей қалалық БЛКЖО нұсқаушысы, Семей облысы ІІБ архив бөлімінің бастығы, Семей облыстық қаржы бөлімінің бақылаушысы, Ново-Покровка аудандық партия комитетінің лектор-кеңесшісі, Ново-Покровка аудандық партия комитетінің меңгерушісі, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, №8 Семей техникалық училищесінің, мәдени-тәрбие жұмысы бойынша директорының көмекшісі, оқытушы, Семей қаржы-экономикалық техникумының аға оқытушысы болып қызмет атқарды.
1960 жылы Мәскеу тарих-архив институтының сырттай бөлімін оқып бітірді.
М.Х. Абдулкаримовтың үлкен еңбегі болып, 1990 жылы Семейде татар қоғамдық орталығын ұйымдастыру болып табылады, ол оның сайланған алғашқы төрағасы болды.
Сонымен қатар, Семей облыстық "Семей таңы" газетіне татар оқырмандары үшін "Галиябану" бетін енгізуде, кейбір қала мектептерінде татар тілінде сабақ беруге, Семей қаласы мен Семей облысында "Сабантой" ұлттық мейрамын өткізуге, мекеменің облыстық халықтар Достық Үйін құруға бастамашы болды. М. Х. Абдулкаримов облыстық ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің тең төрағасы, Қазақстан халық Бірлігі Одағы қоғамдық қозғалысының облыстық Кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Махмут Хамитович «Кеңестік Әскер мен Флотқа XXX жыл» медалімен, «Еңбек Ері» белгісімен марапатталды. Шығармашылық адал еңбегі үшін - «Қаржы қызметінің үздігі» белгісін иеленді. Сонымен қатар, ол бірнеше рет Бүкілодақтық "Білім" қоғамы басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.