Ақын, әдебиеттанушы, аудармашы, драматург, Қазақстан Республикасы жазушылар Одағының мүшесі Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбековке 80 жыл. Мұрат Рахымжанұлының қазақ халқының мәдени мұрасын өңірлік және республикалық дамытуға қосқан үлесі зор және қымбат.
Оның өлеңдері республикалық, облыстық және қалалық газет және журнал беттеріне басылды. Ол оннан астам кітаптың авторы. Олар «Новые стихи», «Иртышский остров», «Чайки Прииртышья» өлеңдер жинақтары, «Хан Аблай и его батыры» кітапшасы, «Поэтическое вдохновение: Абай, Шакарим и Мухтар», «Синий меридиан. Алашорда. Атила», «Абай и Шакарим в XXI веке» кітаптары.
Мұрат Рахымжанұлы аудармашы ретінде кеңінен танымал. Оның қыл қаламынан Ақылбай Құнанбаевтың «Дағыстан» кітабы, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдер жинағы, «Казах в зеркальном отражении» Шәкәрімнің шығармалары, Ә. Нұршаиховтың «Әлимаға хат» - «Письма Алима» және басқа да аудармалар жарық көрді.
Сонымен қатар ол драматург ретінде де танылды. Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалық-драмалық театры мен Ф.М. Достоевский атындағы орыс драмалық театрларында оның «Русло жизни», «Жұлдызды аспан» - «Звездное небо» пьесаларының қойылымдары өтті. Мұрат Рахымжанұлының орыс тіліне аударған М. Ибраевтың «Шәкәрім», Қ. Мұхамедхановтың «Комиссар Ғаббасов», Б. Мұқаевтың «Дүниекезек» сияқты қазақ авторларының пьесалары мен комедиялары бірнеше рет осы театрлар сахналарында қазақ және орыс тілдерінде қойылды.
М. Сұлтанбековтың қыл қаламына "Абай" журналында, республикалық және Семей қалалық журналдары мен газеттерінде жарияланған көптеген өлеңдер, поэмалар, очерк, рецензия, мақалалар тиесілі.
Танымал жерлесіміз, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, танымал туындылардың авторы Мұрат Сұлтанбековтың шығармашылығының ерекшелігі сонда, ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жақсы жазады, сөйтіп басқа елдерде қазақ әдебиеті туындыларының таралу ісіне өз үлесін қосуда.