Қазақ КСР журналистер Одағының мүшесі Қ. Т. Тортаевтың туғанына 90 жыл. Қабдысләм Тортайұлы 22 қаңтарда 1928 жылы Семей облысы Ақсуат ауданында туды. 1945 жылы Ақсуат орта мектебін алтын медальмен бітіріп, Семей қаласының педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түседі, оны 1950 жылы тәмамдайды. Ол Ақсуат ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жарма аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, ауыл шаруашылығы жұмысшыларының кәсіподақ комитеті төрағасы болып қызмет атқарды.
Қабдысләм Тортайұлының құжаттары өлкеміздің мәдени мұрасы ретінде үлкен қызығушылық туғызады. Ол ақын ретінде өлеңдерін жазды, олар 1998 жылы Алматы қаласында шыққан «Ата махаббаты» және «Өмір белестері» жинақтарына енген болатын. Жазушы ретінде көптеген әңгімелер, қазақтың танымал батыры туралы «Қабанбай батыр туралы аңыз» - «Сказание о Кабанбай батыре» кітабын да жазды.
Қ. Т. Тортаевтың еңбек және саяси-қоғамдық қызметі дипломдармен, құрмет грамоталарымен, төс белгілерімен және ордендермен атап өтілді.