Жауынгер-интернационалист Олег Петрович Аюченконың туғанына 55 жыл (1963-1982жж). Олег Петрович Семейде туып өсті және білім алды. №2 орта мектепте, кейін № 74 Кәсіби-техникалық училищесінде білім алады.
Іс-тәжірибесін Қарағанды қаласында өтіп жүріп, сол жақтан Кеңес Әскері қатарына шақырылады (43151 ә/б), содан кейін шектеулі кеңес әскерлері контингентінің құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына жіберілді. Бөлім командирі Олег жайлы, әскери борышын өтеу кезінде еңбекқор, орындаушы, жолдастарына қайырымды бола білді деп сипаттады.
1982 жылғы 11 маусымда бөлімше жау шабуылын тойтарды. Ұрыс барысында Олег ержүректілігі мен батылдығын көрсете білді, өмірінің соңғы сәтіне дейін жолдастарына көмектесті. Файзабад қыстағы ауданында колоннаны алып жүру тобында болған сержант Аюченко, өзінің орнықты жерінен, оқ жаудырған бүлікшілерге көздеп оқ атуға кіріседі. Ол 4 адамның көзін жойды, бірақ орналасқан жерін гранататқыштың оғы талқандап тастады. Олег Аюченко ауыр жараланса да, жаудың граната лақтырушысы орналасқан орнын жойып үлгерді.
Сержант Олег Аюченко қаза болғаннан кейін «Жауынгер- интернационалиске ауған халқынан игілікпен» медалімен марапатталды.