Будник Гавриил Дмитриевич (1924-2001 жж.), Кеңес Одағының Батыры. Семей облысы Георгиевка ауылында туған. Алматы облысының «Свобода» колхозында тракторшы болып жұмыс істеді. 1942 жылы Жұмысшы-шаруа ҚызылӘскер қатарына шақырылды. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап Ұлы Отан соғысы майдандарында соғысты. Орталық майдан әскерінің 15-ші атқыштар корпусының 8-ші атқыштар дивизиясының 151-ші атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының барлаушысы болған.