Хорошавин Иван Григорьевич 1912 жылы туған. Ұлы Отан соғысы жылдары ол өзінің жауынгерлік жолын Семейден бастады: 238-ші атқыштар дивизиясының құрамына кірген 830-шы атқыштар полкінің 3-ші батальонында міндетті әскери қызметін атқарды. 1941 жылдың қыркүйегінде Хорошавин И.Г. М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияға жіберілді. Қысқа мерзімді курсты аяқтағаннан кейін әрі қарай қызмет Жоғарғы Бас қолбасшылық ставкасы кезінде жедел бөлім бастығының көмекшісі лауазымында партизан қозғалысының орталық штабында өтті. 1942 жылғы тамыздан 1943 жылғы ақпанға дейін Брянск майданының әскери кеңесі жанындағы партизан қозғалысының Брянск штабында жұмыс істеді. 1943 жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында Брянск ормандарында жаудың тылында соғысқан «неміс басқыншыларына өлім» партизандық бригадасын басқарды. Партизандар Кеңес әскерлерімен байланысқаннан кейін майданда соғысқан. Соғысты Магдебург қаласының ауданында аға лейтенант атағымен 1-ші Белорус майданының 69-шы армиясының 247-ші атқыштар дивизиясының Бранденбург атқыштар полкінің 909-шы орден Кутузов командирі лауазымында аяқтады. Ұлы Отан соғысы майданында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Иван Григорьевич Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.