Золотухин Анатолий Петрович 1925 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген. Семей қалалық әскери комиссариатымен 1943 жылдың ақпан айында майданға шақырылды. Гвардия кіші лейтенанты, 11-гвардиялық атқыштар дивизиясының 40-шы гвардиялық атқыштар полкінің 3-ші пулемет ротасының взвод командирі. Ұлы Отан соғысынан кейін Анатолий Петрович Семей қаласында тұрды. №1 өрт сөндіру бөлімінде нұсқаушы болып жұмыс істеді.