Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 76 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттары мемлекеттік сақтауға алынды.

Еділбаев Оспан 1908 жылы туған. Майданға Семей облысының Калинин аудандық әскери комитеті 1944 жылдың тамыз айында шақырылды. 290-шы Қызыл Тулы Могилев ордені Суворов және ІІ дәрежелі Кутузов атқыштар дивизиясының 882-ші атқыштар полкінің 6-шы атқыштар ротасының аға лейтенанты, командирі. Ұлы Отан соғысынан кейін Еділбаев Оспан Семейде тұрып, Семейдің Қызыл Ту ордені М.И.Калинин атындағы ет-консерві комбинатында жұмыс істеді. Еңбек ардагері.