Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, КСРО Қарулы Күштерінің запастағы полковнигі Шаймардан Ахмарович Қалиақпаров 80 жасқа толды.

Шаймардан Ахмарович қазақ және орыс тілдерінде 15 кітаптың және 200-ден астам жарияланымның авторы. Ш.А.Қалиақпаровтың көптеген шығармалары негізінен әскери тақырыпты қозғайтын деректік және биографиялық туындылар болып табылады. Олардың ішінде «Герой Курской битвы» және «Герой из Прииртышья» еңбектері – Шаймардан Ахмаровичтің жерлесі болған Кеңес Одағының Батыры Айткеш Ибраев туралы. 1944 жылы Ұлы Отан соғысы майданында Отан үшін шайқаста қаза тапқан Айткеш Ибраевтың жеке құжаттарын жинауына және деректер іздеуге он жылдан астам уақыт кетті. Нәтижесінде Айткеш Ибраевтың жеке қорын қалыптастыру үшін Ш.А.Қалиақпаров батырдың жеке құжаттарын біздің архивке сақтауға тапсырды.

image-514-614.jpg

Шаймардан Ахмарович – КСРО Қарулы Күштерінің ардагері. Көп жылғы әскери қызметі үшін ол ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Әскери ерлігі үшін және В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне» медальдарымен, КСРО Қарулы Күштерінің көптеген мерейтойлық медальдарымен және т.б.марапатталған.

Ш.А.Қалиақпаров, тек біздің қаламыздың ғана емес, бұрынғы КСРО ауқымындағы тарихымызды сақтау ісіне, патриотизмге үлкен үлес қосты және ол ісін жалғастырып келеді.